$ 449.58  486.94  4.86

Алматылықтар жаңа жылда ең көп ақша жұмсайды

Қазақстанда бөлшек сауданың көлемі қараша айында 42 миллиард теңгеге өсіп, 578 миллиардқа жеткен. Статистика бойынша Жаңа жыл қарсаңында бір азамат 60 мың теңге қаржы жұмсаған. Бұл 2014 жылдың қазан айымен салыстырғанда 4 мың теңгеге артық, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы Ranking.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

«Бөлшектік сауда еліміздің 14 аймағында өскен. Ең жоғары өсім – Жамбыл облысында (плюс 29%, 21 миллиард теңгеге дейін), Атырау облысы (плюс 18%, 17 миллиард теңгеге дейін) және ШҚО (плюс 17%, 58 миллиард теңгеге дейін). Бөлшек сауданың үштен бір бөлігі мегаполиске тиесілі – 194 миллиард теңге», – делінген хабарламада.

Бір айда қала тұрғынына тиесілі орташа чек 7,8%-ға, бір жылда – 20%-ға ұлғайған. Ең қымбаттық чектар – Алматыда (91,4 мың теңге), Алматы облысында (75,5 мың теңге) және СҚО (71,2 мың теңге). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары