$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстанда көкөніс өнімдерінің бағасы өсті

2014 жылдың 9-16 желтоқсан аралығында негізгі халық тұтынатын азық-түлік өнімдеріне бағасы өзгермеген деп, хабарлайды Skifnews.kz «Қазагромаркетинг» АҚ-на сілтеме жасап.

«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2014 жылдың 9-16 желтоқсаны аралығында еліміздің ешбір өңірінде ет пен сүт және бакалея өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгермегендігін анықтады.

Алайда мамандар карастырылып отырған кезең ішінде көкеніс және т.б. өнімдерінің бағасы өскендігін байқаған.

Қызанақ Ақтауда 16%-ға 335-тен 388 теңге/кг-ға дейін, Павлодарда 10%-ға 282-ден 310 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Мамандардың айтуынша, қызанақ бағаларының өсімі сатушылардың көтерме бағаларды қымбаттатуымен нарықта қымбат импортты өнім үлесінің артуымен байланысты.

Жеткізілім мөлшерінің азаюы мен көтерме бағаның 30%-ға 73-тен 95 теңге/кг-ға дейін қымбаттауы салдарынан бір апта ішінде Көкшетауда қырыққабат бағасы 29%-ға 85-тен 110 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.

Көтерме бағалардың артуымен жеткізілім мөлшерінің азаюы Оралда қияр бағасының 21%-ға 280-нен 340 теңге/кг-ға дейін, Астанада 13%-ға 468-ден 527 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 13%-ға 318-ден 358 теңге/кг-ға дейін қымбаттауына әкелді.

Қарастырылып отырған уақыт аралығында баялды Қарағандыда 15%-ға 330-дан 379 теңге/кг-ға дейін, Алматыда 10%-ға 397-ден 437 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Астанада керісінше нарықта Қытайдан әкелінетін арзан өнім үлесінің артуы себебінен баялды бағасы 37%-ға 750-ден 475 теңге/кг-ға дейін арзандады.

Ал, мереке алдында халық сұранысының артуынан Астанада лимон бағасы 23%-ға 490-нан 604 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Сонымен бірге осы уақыт аралығында өнімнің көтерме бағасы 9%-ға 460-тан 420 теңге/кг-ға дейін төмендеді.

Нарыққа жеткізілетін өнім  мөлшерінің біршама азаюы салдарынан Астанада бананның орташа бөлшек сауда бағалары бір апта ішінде 15%-ға 261-ден 299 теңге/кг-ға дейін, көтерме бағалары 69%-ға 166-дан 281 теңге/кг-ға дейін артты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары