$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстанның басым өңірінде күн ашық болады

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі, деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

 

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың қалған бөлігінде күн ашық болады,

«Алматы облысында Алакөл көлдері ауданында 19-24 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады», – дейді «Қазгидромет» мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары