$ 448.56  478.03  4.79

Мереке күндері қарсаңында қосымша жолаушылар пойызы жүреді

Елімізде қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қосымша пойыздар жүреді, деп хабарлайды Skifnews.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, қосымша пойыздардың бағыттар кестесін жасау кезінде жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға көп көңіл бөлінген. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлауынша, қысқы мерекелер қарсаңында бір реттік қосымша жолаушылар пойызы төмендегідей бағытта жүреді:

- №61/62 Алматы-2 – Арыс-1, Алматы-2 мен Арыстан үстіміздегі жылдың 26, 30 желтоқсанында жүреді;

- №151/152 Алматы-Көкшетау, Алматы-2 станциясынан 27 желтоқсанда, Көкшетаудан 29 желтоқсанда аттанады;

- №153/154 Астана-Қостанай, Астанадан 29 желтоқсанда, Қостанайдан 30 желтоқсанда аттанады;

- №156/155 Астана-Арыс, Астанадан 29 желтоқсанда, Арыстан 30 желтоқсанда аттанады;

- №501/502 Маңғышлақ-Бейнеу, Маңғышлақтан 27, 29 желтоқсанда, Бейнеуден 28, 30 желтоқсанда жүреді.

Сондай-ақ, осы күндері халықаралық жолаушылар пойыздарының қозғалысы бекітіледі:

- №325/326 Новосібір-Алматы, Новосібірден 27, 29 желтоқсанда, 2015 жылдың 3, 5, 7 қаңтарында, Алматыдан 2014 жылғы 29, 31 желтоқсаны мен 2015 жылдың 5, 7, 9 қаңтарында 5 рейске қатынайды;

- №371/372 Новокузнецк-Қарағанды, Новокузнецктен 2014 жылғы 26, 30 желтоқсаны мен 2015 жылғы 4, 8 қаңтарында, Қарағандыдан 28 желтоқсаны мен 2015 жылдың 1, 6, 10 қаңтарында 4 рейске жүреді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары