$ 444.32  473.33  4.76

Ақтөбе облысында сегіз айлық бөбек көрпеге тұншығып өлді

Қайғылы оқиға Мұғалжар ауданындағы Сағашилі ауылында болған деп хабарлайды Skifnews.kz.

«BNews.kz» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұғалжар ауданындағы Сағашилі ауылының тұрғыны немересінің шетінеп кеткені туралы тәртіп сақшыларына хабарлаған. Оның айтуынша, кешкі сағат бестердің шамасында үйіне келеді. Ал сегіз айлық бөбек болса 21 жастағы әкесінің қасында ұйықтап жатыпты. Әжесі немересін алмақ болғанда оның денесі әлдеқашан суып кеткенін аңғарады. Туыстары сәбидің көрпеге тұншығып қалғанына сенімді. Ал шетінеген сәбидің анасы ажырасып, төркінен кетіп қалған екен. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары