$ 444.22  476.38  4.82

Астана жаңа жылдық шараларды өткізуге дайын

Балаларға арналған басты жаңа жылдық іс-шара – Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәңгілік Елдің қасиетті құндылықтары» атты шыршасы 24 желтоқсанда Оқушылар сарайында өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады.

Елордалық балалар мен оқушылар үшін сонымен қатар жаңа жылдық қойылымдар мен ертеңгіліктер де өткізіледі. Астана қаласы әкімінің жетім және дарынды балаларға арналған шыршасы 25 желтоқсанда Оқушылар сарайында ұйымдастырылады. 20 желтоқсан – 30 қаңтар аралығында Елордалық циркте «Қисық айналар патшалығы» атты жаңа жылдық бағдарламасы, ал 20 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Алқызыл гүл» ертегісі бойынша қойылым көпшіліктің назарына ұсынылады.

29 желтоқсанда елордалықтар «Конгресс-холлда» «Жаңа жыл думан» концертін тамашалайды. Оған Астана қаласы мемлекеттік филармониясының классикалық және эстрадалық вокал бөлімшелері, «Шалқыма» халық биі ансамблі қатысады.

27, 28 және 31 желтоқсанда «Астана Опера» МТОБ Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті қойылады.

Сонымен қатар, Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа жылдық концерт қалалық алаңда  31 желтоқсанда сағат 21.00 басталады. Мерекелік отшашу Есіл өзенінің жағасында 2014 жылғы 31 желтоқсаннан 2015 жылдың 1 қаңтарына қараған түні болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары