$ 449.58  486.94  4.86

Солтүстік Қазақстанда тәртіп сақшылары өрттен үш адамды құтқарды

Солтүстік Қазақстан облысында екі үй өртенген, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер өрттен екі бала мен бір ересек ер адамды құтқарды.

Аталмыш ведомоствоның хабарлауынша, облыста осы аптада екі бірдей оқиға болып, екеуінде де тәртіп сақшылары ерлік жасады. Бірінші жағдай Қызылжар ауданы Налобино ауылында 12 желтоқсанда болды. «Учаскелік инспектор Қанат Меңдекеевтің ұялы телефонына ауыл тұрғыны хабарласып, көршісінің үйі өртеніп жатқанын айтады. Полиция майоры өрт шыққан үйге шұғыл жетеді. Үй маңына жиналған көршілер оған үй иесінің іште екенін хабарлайды. Меңдекеев сол арада үйдің есігін сындырып кіреді», – делінген хабарламада. 

«Үй ішінде түтіннен демалу мүмкін болмады»,  дейді Меңдекеев. Адамның ауырсынған даусын естіген ол кіреберіс бөлмеге кіргенде үй иесінің есінен танып жатқанын байқайды. Денесі күйген ол жергілікті фельдшер-акушерлік пунктке жеткізіледі. Ауыл тұрғыны бір сағат өткенде есін жинап, 45 жасқа толған туған күнін атап өтіп жатқанын хабарлады. Ішімдік ішкеннен кейін ол пеш жаққысы келген. Байқаусызда түскен шоқтан өрт шығып, үй егесі оны өшіре алмаған. 

Ал екінші оқиға Петропавл қаласында болды. «Куйбышев» аумақтық пунктінің полициясының аға учаскелік инспекторы Дәурен Ширажиевтің ұялы телефонына оған серігі хабарласып, Әуезов көшесіндегі пәтерлердің бірінде өрт болып жатқанын айтады. Полицей бұл үйге жетіп, төртінші қабатқа көтеріледі. Өрт сөндіру қызметкерлері есікті сындыруға көмектеседі. Бұл уақытта үй ішіндегі түтіннен үй иелерін бірден табу мүмкін болмайды. «Полиция майоры  асханада еденде жатқан екі баланы байқады. Оның бірін полицей құтқарса, екіншісін құтқарушы аулаға алып шықты.», – делінген баспасөз хабарламасында. 

Полицейлердің айтуынша, өртенген үйден балалар ойнауы мүмкін делінген ши қалдықтары табылды. Балалар ысқа тұншыққан. 

Полиция майорлары Қанат Меңдекеев пен Дәурен Ширажиев көп жылдар бойы қызметте. Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшылығы ерлік көрсеткен полицейлерді үш адамның өмірін сақтап қалғаны үшін марапаттауға ниет білдіріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары