$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстанда терроризмді қаржыландыру 20%-ға өскен

Елімізде 2014 жылдың басынан бері «терроризмді қаржыландыруға қатысы бар болуы мүмкін» деп табылған 270-тен астам факт тергеуге жіберілді. Бұл туралы бүгін қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің төрағасы Бисенғали Тәжияқов мәлімдеді.

Бас прокуратурада өтіп жатқан экстремизм және терроризммен мүрес мәселелері бойынша халықаралық конференцияда Тәжияқов жыл басынан бері комитет құқық қорғау органдарына терроризмді қаржыландырумен байланысы бар болуы мүмкін 274 іс жібергенін, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 20 пайызға көп екенін айтты.

Оның айтуынша, қазір терроризмді қаржыландыру үшін ақша аударудың баламалы жүйелері де қолданылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары