$ 449.58  486.94  4.86

Автобусты смартфон ойнап басқарған жүргізуші өз жазасын алды (ВИДЕО)

Ақтөбеде автобус жүргізушісі рульде отырып, смартфонындағы ойынды ойнағаны үшін 9260 теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға 11 желтоқсанда белгілі болған. «Ақтөбе қаласындағы 11-бағыттың кибер жүргізушісі» деп аталған видеожазбадан жүргізушінің рульді шынтағымен басқарып отырғанын көруге болады. Бұл уақытта ол смартфондағы ойынды ойнап отырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары