$ 442.05  474.14  4.74

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар-жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түседі,  деп хабарлайды Skifnews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың қалған бөлігінде күн ашық болады

Ақмола, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысында Алакөл көлдері аумағында 19-24 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары