$ 444.22  476.38  4.82

Назарбаевтың немересі Астана әкімінің орынбасары болды

Бүгін Астана басшысының өкімімен Әлиев Нұрәлі Рахатұлы Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz Астана қаласының ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрәлі Әлиев Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін экономика және қаржы мамандығы бойынша, Пеппердин университетін (бизнес-әкімшілендіру) және Имадек Университетінің магистратурасын (бизнес-әкімшілендіру) тәмамдаған.

Әр жылдары «Нұрбанк» АҚ Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымдарында қызмет атқарған. 2008 жылдың желтоқсанынан 2013 жыл аралығында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, "Транстелеком" АҚ Басқарма Төрағасы.

Forbes журналының хабарлауынша, Нұрәлі Алиев еліміздегі ең жас мультимиллионердің бірі.

Елорда басшысының өкімімен Сұлтанбеков Қанат Таңатарұлы Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, бүгін елорда басшысының өкімімен Аманшаев Ермек Әмірханұлы Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ермек Әмірханұлы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «филолог, қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған, филология ғылымдарының докторы.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеген, Мәдениет комитетінің төрағасы, ҚР Мәдениет министрінің орынбасары, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

Елорда басшысының өкімімен Балаева Аида Ғалымқызы Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары