$ 444.22  476.38  4.82

Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға тікелей әсер етпейді – Елбасы

Батыстың Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанға тікелей ықпал етпейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада республикалық жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өтіп жатқан кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бұл санкциялар Қазақстанға тікелей әсер етпейді, бірақ мұның еш жақсылығы жоқ. Өйткені, Ресей – біздің негізгі серіктесіміз», – деді Н.Назарбаев

«Қазір біздің адамдар Ресейден арзан тауарды сатып алып жатыр. Көліктерді бізге қарағанда 10-15 мыңға арзанға алуда, баспана да сатып алып жатыр. Бұл Ресей үшін бір жағынан жақсы, сауда белсенді жүруде, екінші жағынан, өте төмен бағаға сатылуда, өйткені, рубль бағамы тұрақсыз», – деді Елбасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары