$ 444.32  473.33  4.76

Маңғыстау облысының медицина қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды

Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысының 38 медицина қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Медицина  саласының 5  маманына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Құрмет грамотасы, 5 дәрігерге Алғыс хат табысталды. Аймақтың медицина қызметінің ардагері Гүлшат Қарабалина  «Денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқаны үшін» төсбелгісімен  марапатталды.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін 5 медицина қызметкері иеленді.

Денсаулық саласының 8 қызметкеріне облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаты табысталды. Ал 7 адам Маңғыстау облысының әкімі А. Айдарбаевтың Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ отандық  денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқаны үшін 7 медицина ардагері Н.И. Пирогов атындағы медальға ие болды.

Жиын соңы  мерекелік концертке ұласты. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары