$ 444.32  473.33  4.76

Маңғыстау облысының ең үздік сайттары анықталды

Ақтауда  Маңғыстау облысының ең үздік сайттарын Grant.KZ-2014 интернет-сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz. 

Аймақтық конкурсқа өтінімдер қабылдау 1 қарашадан бастап жүргізілді. Оған қатысуға тақырыбы мен мазмұны тікелей Маңғыстау облысына қатысты сайттар ғана жіберілді. 

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін ұйымдастыру комитеті көрнекті қазақстандық және шетелдік мамандардан тәуелсіз қазылар алқасын құрды.

«Бұл жыл сайын аймақтық деңгейде өткізілетін шара. Оның мақсаты – Қазнеттің маңғыстаулық сегментіндегі үздік вебсайттарды анықтау, олардың жұмысын белсендіру, қазіргі ақпараттық технологияларды өңірде тарату. Жеңімпаздар 12 негізгі және 4 қосымша аталымдар бойынша анықталды», – деп атап өтті ұйымдастыру комитетінің төрағасы Өмірбек Құрбанбаев.

«Мәдениет және өнер» аталымында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайты үздік деп танылды (http://mangystau-muzey.kz), ал «Білім, ғылым және тәрбие» аталымында - Маңғыстау облысы мектебінің оқу процесінің электронды порталы алға шықты (http://mektep.edu.kz). «Медицина, денсаулық және спорт» саласында «Tree of life» (http://treeoflife.kz) сайты, «Өндіріс және өнкеркәсіп» бойынша - Қазақ газөңдеу зауытының сайты (http://kazgpz.kz) алдан көрінді. «Сату және сатып алу» аталымында болашақ аналарға арналған «Дария» порталы жеңіске жетті (http://dshop.kz), «Көлік және қызмет көрсету» бойынша – «Мобил-С» (http://mobil-s.kz) көлік компаниясының сайты үздік шықты, «Консалтинг және сервис» бойынша – «Mediana.KZ» (http://mediana.kz) интернет компаниясы озды. 

«Тақырыптық және ақпараттық ресурстар мен порталдар» саласында Маңғыстау облысы мектебінің оқу процесінің электронды порталы тағы жеңіске жетті, сондай-ақ «Интернет-дүкендер мен онлайн-сервистерде» (http://mektep.edu.kz) Осако мейрамханасының порталы озық деп танылды (http://osakahit.kz). «Қоғамдық-әлеуметтік белсенділік» аталымында (http://web.grant.kz) гранттар сайты алдан көрінді. «Мемлекеттік сектор» аталымында Маңғыстау облысының білім басқармасының ресми порталы жеңді (http://mangystau.edu.kz), «Жекелеген сайттар» арасында imanigul.qazblog.kz блогы үздік деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары