$ 443.35  475.54  4.82

Мұнайлы өлкенің табиғаты бейнеленген жаңа мың теңгелік банкнот айналымға шықты

Елімізде жаңа 1000 (бір мың) теңгелік банкнот айналымға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Ұлттық банкі туралы» заңына, ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес, Ұлттық банк басқармасының «Дизайны өзгертілген номиналдық құны 1000 (мың) теңге банкнотты айналымға шығару туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Ұлттық банк 2014 жылғы 1 желтоқсаннан бастап дизайны өзгертілген мың теңгелік банкнотты айналымға шығарды», – делінген хабарламада.

Дизайны өзгертілген мың теңгелік банкнот мөлшері 134х70 мм қағазда дайындалған. Беткі жағында сары-қоңыр түс басым, бейнелер тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер банкноттың оң жағында бейнеленген, олар «Қазақ Елi» монументі және төменгі жағында ортада ұшып жүрген көгершіндердің бейнесі бар. Жоғарғы бөлігінде мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту бейнеленген. Сол жақ төменгі және жоғарғы бөлігінде номиналдың цифрлық белгісі мен сол жақ ортада номиналдың мемлекеттік тілдегі әріп белгісі басылған.

«Номиналдың сырт жағындағы да басым түс – сары-қоңыр, басым бейнелер көлденеңінен орналасқан», – дейді Ұлттық банк мамандары. Жаңа банкнотта Батыс Қазақстандағы Үстірт шоқысы, артқы жағында Қазақстан картасының контуры бейнеленген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары