$ 445.66  474.58  4.78

Ақтауда ҰОС ардагеріне мемориалдық тақта орнатылды

Ақтау қаласының үшінші шағын ауданында Кенжеғұл Қашақов тұрған №145 үйдің қабырғасына оның құрметіне арнап мемориалдық тақта орнатылды, деп хабаралайды Skifnews.kz.

Айта кетейік, Кенжеғұл Досымұлы 1924 жылы 5 желтоқсанда Маңғышлақ облысының Шевченко ауданының Құланды ауылында дүниеге келді. 1942 жылы мамырда Кеңес әскеріне шақырылды: бір жылға жуық РКФСР Чкалов облысының Колтубанка ст. атқыштар бригадасының қызыл әскерінде қызмет етті.

Одан кейін 5 ай көлемінде Иваново қаласындағы эвакуциялық  госпитальде емделіп жатты. 1944 жылдың 1 наурызына дейін Калинин қаласының  Прибалтика фронтының пулеметті ротасының І дивизиясының старшинасы ретінде соғысқа қатысты. 8 айлық курстар аяқталғаннан кейін 1944 жылы 1 желтоқсанда қайтадан госпитальға түскенге дейін ол бір ай соғысып үлгерді. Кейін ол ІІ Беларусь фронтының 58-атқыштар дивизиясының пулеметті взводының командирі болды. Тек 1947 жылдың қаңтарында ғана кіші лейтенант дәрежесімен запасқа шығып, бірден еңбек жолын ІІМ органдарында түрлі қызметтерден бастады. КСРО ІІМ Жоғарғы Мәскеу мектебін аяқтағаннан кейін Шевченко қаласының арнайы милиция бөлімінің басшысы атанды.

Кейін ол Шевченко МІІБ бастығының орынбасары, Жетібай ауылының ішкі істер бөлімінің бастығы, АІІБ бастығының орынбасары болып қызмет етті.

1974 жылы 12 қазанда ол ЖКРО салдарынан қаза болды. Ол қаза болғаннан кейін бір айдан соң оған милиция полковнигі шені берілді. Кенжеғұл Қашақовтың 10 ордені мен медалі бар.

Ақтау қаласы мәслихатының шешімімен мемориалдық тақта орнату шешімі қабылданған. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары