$ 444.32  473.33  4.76

Ақтауда көңілді тапқырлар клубының ойыны өтті

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Маңғыстау об­лысы филиалының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының премьер-лига бойынша финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Ақтық мәреге «Әдебиет мау­сымында» өнерін көрсеткен до­дада озған 6 топ бақ сынасты. Атап айтқанда, Жаңаөзен қаласы «Жас Ұлан» командасы, Жаңаөзен қаласы «Аль-Тайр» еркін құрамасы, Мұнайлы ауданы «Ата­мекен» тобы, Мұнайлы ауданы «Басқұдық» құрамасы, Түпқараған ауданы «Ақш.кз» құрамасы, Ақтау қаласы №5 орта мектептен «Бәрекелді» құрамасы қатысып, әсерлі ойын, әдемі әзілді көрсетті. Үздіктер ойыны «Әдебиет – асыл қазына» атты сәлемдесу, «Жам­бы ату» кезеңі, «Менің сүйікті шығармам» атты үй тапсырма­сы, «Әдебиет таңғажайып әлем» атты жалпы тақырыптағы ойын көрсетуден құралып, көрермендерге көңілді күлкі кешін сый­лады. Мәдениет, әдебиет, саясат турасындағы әзіл-сықақ сахна төрінен орын алып, көпшілікті жарқын күлкіге кенелтіп, шаттыққа бөледі. Белсенді ойын, орынды әзіл көрсеткен Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының премьер-лига чемпиондық жүлдесін Мұнайлы ауданынан «Атамекен» құрамасының өнер қырандары иемденді. Екінші орынды Жаңаөзен қаласының «Аль-Тайр» еркін құрамасы, ал үшінші орынды Ақтау қаласы №5 орта мектептің «Бәрекелді» тобы қоржынына салды. Ал Жаңаөзен қаласы «Жас Ұлан» құрамасы, Мұнайлы ауданы «Басқұдық құрамасы», Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан «Ақш.кз» құрамасы Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының финалистері атанып, бағалы сыйлықтар, дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары