$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан Беларусь Қорғаныс министрлігімен тығыз байланыс орнатты

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі Андрей Равков келесі жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітіп, қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды нығайту туралы ниетті растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Кездесуде Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық мәселелерін талқылады.

«Тараптар әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимыл, әскери білім, кадрлар даярлау салаларындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Көптеген жылдардан бері Қазақстан әскери қызметшілерді арнайы мамандандырылған білім алу және офицерлік құрамды оқыту үшін Беларусь Республикасының әскери жоғары оқу орындарына жіберіп келеді», – делінген хабарламада.

ҚР Қорғаныс министрі И. Тасмағанбетов Беларусь мамандарымен байланыс орнату маңызды екенін тілге тиек етті.

«Әскери саладағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі тараптар мүдделілігін ғана білдіріп қоймай, қолда бар әлеуетті тиімді пайдаланып, ынтымақтастық мәселелеріне конструктивті көзқарас қалыптасқанын растайды» деп санайды ҚР Қорғаныс министрі.

Тараптар осы орайда «бірлескен оқу-жаттығулар өткізудегі, жауынгерлік даярлықты жетілдіруде тәжірибе алмасудағы екі ел қарулы күштерінің жедел үйлесімділігін арттырудағы үлкен мүмкіндіктерді» атап өтті.

Кездесу соңында И. Тасмағамбетов беларусьтік әріптесін кез-келген ыңғайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары