$ 448.81  476.82  4.77

Ақмола облысында мұғалімдердің салғырттығынан мектепке 1,8 млн теңге айыппұл салынды

Ақмола облысында мұғалімдердің салғыртығынан мектеп оқушысы кемтар болып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«BNews.kz» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысында мектептегі жазатайым оқиға бойынша сот отырысы өткен.

Естеріңізге сала кетейік, мұғалімдердің салғырттығынан бірінші сынып оқушысы мүгедек болып қалған.

Оқиға Шортанды ауданының Дамса орта мектебінде орын алды. Іс материалдарынан белгілі болғандай, сабақ арасындағы үзіліс кезінде жеті жасар Виктория Гудинаның сыныптастары дәлізде дойбы ойнаған. Қоңырау соғылып, барлық оқушылар сыныптарына тарай бастаған кезде ұстаздардың бірі Викадан дойбыны сыныпқа апаруды өтінеді. Ал сынып жетекшісі бұл уақытта кабинетте қазақ тілі пәнінің оқытушысымен сөйлесіп тұрған. Осы сәтте ойнап жүрген ер балалар абайсызда қызды итеріп қалып, аяғы тайып кеткен ол кафельді еденге басымен құлайды. Соққының қатты болғаны соншалық, бірінші сынып оқушысы бірден есінен танған. 

Аудандық ауруханада дәрігерлер оқушыға жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы деген диагноз қойған. Медициналық жәрдем көрсетілгенімен, күннен-күнге қыз баланың хәлі нашарлай берді. Науқастың беті бері қарамаған соң, ата-анасы оны Астанадағы ауруханаға жеткізеді. Елордалық нейрохиругтар қызға ота жасағанымен, Виктория кемтар болып қалды. 

Ұстаздардың салғырттығын алға тартқан қыздың анасы сотқа талап-арызбен жүгініп, 2 млн теңге моралдық шығын төлеуін талап еткен еді. Ал сынып жетекшісі болса сот отырысында мектеп басшылығы мен мұғалімдердің еш кінәсі жоқ екенін айтып ақталды. 

Шортанды аудандық сотының шешімімен Дамса ауылының мектебі 1,8 млн теңге моральдық және 60 мың теңге материалдық зиян төлеуге міндеттелді. 

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары