$ 443.85  474.3  4.8

Еліміздің басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Skifnews.kz» «Қазгидромет» РКМ-ға сілтеме жасап.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында аздап боран соғады, тек еліміздің шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында күн ашық болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп болжануда. 

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі. 

Ақмола, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. 

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерде күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Атырау, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары