$ 444.22  476.38  4.82

Қырғызстан ЕАЭО-ға кіру жобасын мақұлдады

Қырғызстан үкіметі елдің Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіру келісім-шартын мақұлдады, деп хабарлайды «Азаттық радиосы».

«ЕАЭО-ға кірген елдер белгілі бір өтпелі кезеңнен өтті. Ел бұл одаққа кіре отыра өзінің өтпелі кезеңін бастайды. Біз жол картасында белгіленген барлық міндеттерге дайындалуымыз керек», – деді Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев.

Ал Қырғызстан премьер-министрі Джоомарт Оторбаев келісім-шарттың біраз тұстарына байланысты келіспеушіліктер болғанын айта келе, ортақ мәмілеге келгендерін және Қырғызстанның ұлттық мүдделерін қорғайтынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы 29 мамырда Қазақстан, Ресей, Беларусь ЕАЭО құру туралы келісімге қол қойған. Бұл одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары