$ 494.87  520.65  4.91

Атыраудағы су тасқынынан 532 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Атырау қаласында екі күн бойы жауған толассыз жаңбырдың салдарынан 42 үй мен 252 аула су астында қалды. Әсіресе, Байтұрсынов, Әлиев, Шалқар, Чехов көшелеріндегі ғимараттар айтарлықтай зардап шеккен. Салдарынан 532 адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. Олар қазіргі таңда өз туыстарының үйінде.

Құтқару қызметінің мамандары 58 үй ауласынан 4800 текше метр суды сорып алғанын хабарлап отыр. 

Орын алған жағдайға байланысты Атырау облыстық ТЖД басшыларынан және қала әкімдігі қызметкерлерінен құралған штаб құрылып, оқиғаның салдарын жою жұмыстарымен айналысуда.

Айта кетейік, қазіргі таңда тасыған сумен күресу үшін 136 адам мен 38 техника жұмылдырылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары