Ресейдің Ижевск қаласында бір үйдің екі қызы аналарымен жанжалдасып, көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетті деп жазады "Российский Диалог" басылымы.
Олардың бірі 12 жаста, екіншісі 15-те. Олар суицид жасар алдында хат жазып, видеоға түсіп, оны Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген.
Тергеу жұмыстары кезінде қайғылы жағдайдың орын алуына аналарымен арадағы жанжал себеп болғандығы анықталды. Мария есімді 12 жастағы кіші қыз жігітпен кездесе бастайды. Ал, оған анасы қарсы болыпты. Тіпті, қызына сенбей, оның пәктігін тексеріп көру үшін гинекологқа апармақ болыпты. Мұндай қысымға шыдамаған оқушы қыз өзін өлтіруге бел буып, мұнысын әпкесіне айтқан екен. Әпкесі болса сіңлісін қолдап, онымен бірге өмірмен қош айтысыпты.
«Марқұмдар әлеуметтік желі арқылы фото мен видео қалдырып, өлімдеріне ешкімнің де кінәлі еместігін айтып, бәріне сәлем жолдаған», - деп жазады аталған басылым.