$ 448.15  483.46  4.86

Ашыққан шошқалар 80 жастағы қарияны жеп қойды

Украинаның Николаев облысындағы Ковалевка ауылында 80 жастағы қарияның үйіндегі шошқалар әбден ашығып, иесін жеп қойған деп жазады Ktk.kz.

Марқұмның көршілері оның әбден таланып тастаған денесін өз ауласынан тауып алған. Қарияның қолдары мен ішкі ағзаларын шошқалар жеп қойды деген болжам бар. Қайтыс болған азаматты таныстары соңғы рет 17 ақпан күні көріпті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз ауласында қайтыс болған соң, ашығып қалған шошқалары денесін талап тастаған. Қария вьетнамдық шошқаларды алты жылдан астам уақыт баққан екен.

"Шошқалар оны талап тастаған. Олар енді адамның да дәмін татып қалды. Балаларымыз ойнап көшеде жүреді. Біз енді қорқа бастадық", - дейді көршілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары