$ 448.15  483.46  4.86

Бас прокуратура қазақ тілді маманға мұқтаж

ҚР Бас прокуратурасы қазақстандық жоғары оқу орындарына болашақ заңгерлер мен құқық қорғаушыларды дайындау кезінде олардың мемлекеттік тіл білімін тексеру талаптарын күшейтуді ұсынды.

Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету қоғамдық кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуратурасы кадр жұмысы жөніндегі департаментінің басшысы Роза Досымбекова мәлім етті.

«Иә, бүгінде ЖОО-ларда мамандарды қалай дайындайтыны жөнінен хабардармыз. Оларда қазақ тілі бойынша мемлекеттік емтихан бар, дегенмен оның деңгейі мектептікінен әрі аспайды. Сол баяғы шығарма үлгілері: Менің сүйікті қалам, Отбасы және т.б. Қазір біз ҚазГЗУ-мен (Қазақ Гуманитарлық-Заң университеті агенттік ескертп.) келіссөздер жүргізіп, ондағы болашақ мамандардың мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде меңгеруіне жағдай жасау мәселелерін талқыладық. Олар (студенттер агенттік ескертп.) кәсіби қазақ тілі бойынша емтихан тапсырып, бізге келгенде, біз олардың біліктілігін жоғарылата түсеміз. Ағылшын тіліне қатысты жағдай да осындай. Бізде, қазір, қазақ тілі мен ағылшын тілдерін аса жоғары кәсіби деңгейде меңгерген мамандар тапшы. Егер оларды 1 мен 4-курс аралығында дайындайтын болса, біз әлдеқайда білікті қызметкермен қамтылатын едік», - деп хабарлады Роза Досымбекова.
Департамент басшысы осы мақсатта «кәсіби тілдік ортаға баулу» инновациялық жобасы құрылып, «прокурор энциклопедиясы» анықтамалық жүйесі құрылғаны жайында хабардар етті. 

BNews.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары