$ 446.49  475.38  4.79

Назарбаев Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға Айдын Айымбетовтің кандидатурасын бекітті

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатысуымен жедел кеңес өткізіп, қазақ ғарышкері Айдын Айымбетовтің кандидатурасын бекітті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан азаматының Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылуы туралы мемлекет басшысы мен Ресей президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластыққа сәйкес Айдын Айымбетовтің кандидатурасы келісілді.

Кеңес барысында елдің ғарыш саласын дамыту мәселелері, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары