$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеуде ұсталған банкир Жомарт Ертаев Қазақстанға қайтарылады

РБК Банкiнiң қаржысын жымқырды деген күдiкпен ұсталған Жомарт Ертаев Қазақстанға қайтарылатын болды деп мәлімдейді Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин.

Банкир қазір Мәскеуде үйқамақта отыр. Ол бұған дейін Ресей азаматтығын сұраған еді. Күдіктіге қатысты іс Ресей заңнамасымен қаралатын болды. Енді Ертаевты Қазақстанға қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.

«Азамат Ертаевқа қатысты жағдай бойынша Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Заңдық рәсімдер аяқталғаннан кейін Ертаев Қазақстан Республикасына әкелінеді», – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин.

Дереккөз: Алматы телеарнасы

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары