$ 439.43  473.31  4.82

Головкин әлем чемпионы атағынан айрылды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің әлем чемпионы атағынан ресми түрде айыруға шешім шығарды деп жазады Sports.kz.

22 мамырда Спрингфилд қаласында тыңдау өтіп, оған Головкин мен оның IBF бойынша украиналық міндетті қарсыласы Сергей Деревянченко және олардың командалары қатысты.  Қос тарапты тыңдаған IBF бүгін шешім шығарды. Яғни Геннадий Головкин 3 тамызға дейін Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартқаны үшін IBF белбеуінен ресми түрде айырылады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкин Сауль Альвареспен қаржылық келіспеушілік салдарынан шаршы алаңда кездесе алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары