$ 443.44  480.51  4.88

Қарағанды облысында қараусыз қалған мұнай базасынан өрт шықты

1,5 га аумақтағы шөп және 50 шаршы метрге төгілген мұнай өнімі өртенді деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқиға 6 маусым күні сағат 13-20-да Осакаров ауданы, Сарыөзек ауылдық округінде, Шоқай стансасынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан жұмыс істемейтін мұнай базасының аумағында болған.

«1,5 га жерде қураған шөп мен 50 шаршы метр аумаққа төгілген мұнай өнімі, тоғыз металл ыдыстардағы битумның қалдықтары (50 текше метр) өртенген. Өрт 15-10-да ауыздықталып, 16-03-те түгелдей сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деді Р.Иманқұлов.

ТЖ департаментінің, жергілікті әкімдіктің, «ҚТЖ» ұлттық компаниясының өрт сөндіргіш пойызы және еріктілер жұмылдырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары