Бүгін Шымкенттегі үйлердің біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған 11 жастағы бала мен ересек еркектің видеосы жұрттың зәресін ұшырды. Соңғы кездері бұндай жағдайлардың көбеюін желі қолданушысы дінмен байланыстырады.
«Кеңес заманында педофилия болса да, әр болған жағдай елді дүр сілкіндіретін. Бүгін педофилия туралы күнде еститіндей болдық. Неге? Исламның өршігені емес пе екен деп ойлаймын. Құранда жазған жұмақта пәк xор қыздары мен бой жетпеген ұлдар шаxидтердің ләзаттарын қандырады делінген ғой. Мұсылмандар қыздармен алысқанша ерлердің нәпсісін тыюменен неге алыспайды екен?! Ислам ерлерді xайуан түрінде қалдырып, әйелдер бүркеніп қорғанып жүру керек дей ме? Ұл балалар қалай қорғанады? Әлде олардың тағдыры педофилия ма?», — деп жазды Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Айгүл Қоқай.
11 жастағы баланы зорлады деген күдіктінің тұтқындалғанын бұған дейін жазған болатынбыз.