$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында 26 жастағы қыз суға батып кетті

Лисаков қаласының 26 жастағы тұрғыны суға батып кетті деп хабарлады Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

 Оқиға Лисаков қаласының Октябрьский ауылында болған.

«1992 жылы туған қыздың мәйітін жергілікті тұрғындар тауып алған. Ол рұқсат етілмеген жерде шомылыпты. Сондай-ақ, бойжеткеннің мас күйінде болғаны анықталды», – дейді ТЖД.

Еске салсақ, 11 шілде күні Қостанай облысында екі жеткіншек жастағылар да суға ағып кеткен болатын.

Дереккөз: Аlau.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары