$ 444.32  473.33  4.76

Қарағандыда найзағай түсіп, жанармай бекеті жанып кетті (ВИДЕО)

Қарағанды облысының Октябрь ауданында найзағайдың салдарынан жанармай бекеті жанып кетті. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға күндіз 12 шілдеде АЖС-да (Автокөлік жанармай станциясы) Совхоз көшесінде болған. Оқиғаның видеосын Instagram әлеуметтік желісіндегі Skandal.krg парақшасы жариялаған.

Видеода АЖС-тың өртенгеннен кейінгі бейнесі түсіп қалған. Видеоны жариялаған автордың сөзінше, автобекетте болған жарылыс даусының қатты болғаны соншалық, жанармай бекетін түгелдей ұшырып кете жаздаған.

Қарағанды облысының ТЖД-нің баспасөз қызметінің өкілдері жарылыс болғанын растады.

«12 шілдеде сағат 15.43-те Қарағандының Совхоз аймағында жанармай бекетін найзағай ұрғанын хабарлады. Оқиға орнына 5 техника мен Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру-құтқару қызметінің 24 адамы жіберілді. Найзағай салдарынан төрт отын шығаратын бак жанып кетті», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқару операциясы сағат 16.30-да аяқталды. Жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған контейнерлерді сөндіру үшін өрт сөндіру жұмыстары жүргізілді. ЖҚС аумағында жану тіркелмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары