Шымкентте 13 шілде күні Ғани Иляев көшесіндегі «Астана банк» деп жазылған ғимараттың 12-қабатынан әйел секіріп кеткен деп жазады Оtyrar.kz.
Ол өз-өзіне қол жұмсаған. Әйелдің мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Марқұмның жасы 45 шамасында деген болжам бар. Оның артында қалған заттарының ішінен беймәлім сұйықтық құйылған канистр табылды.