$ 494.87  520.65  4.91

Тозығы жеткен Шелек ауруханасы жөнделеді – министр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында елімізде тозығы жеткен ауруханалардың жағдайы туралы айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл өте үлкен мәселе. Біз де тікелей айтып жатырмыз. Қазір еліміздегі ауруханалардың 65 пайызы ескірген.

Оның барлығын жаңадан салу немесе күрделі жөндеуден өткізу керек. Олардың арасында аудандық ауруханалар көп. Себебі соңғы кездері қалалық, облыстық деңгейде ауруханалар көп салынды», - деді министр. Оның айтуынша, Шелек ауруханасына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы жоспарлануда.

«Біздің бюджеттік кодекс бойынша, жергілікті мемлекеттік медициналық ұйымдар тікелей жергілікті әкімдікке қарайды. Яғни, жергілікті бюджеттен ақша бөлінуі қажет. Шелек ауруханасы мәселесін өткен аптада Үкімет отырысында қарастырдық және қажетті қаржыны бюджеттен жоспарлап отырмыз. Сол жоспар бекітілген соң жергілікті әкімдік жөндеу жұмыстарына кіріседі», - деді Біртанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін біз Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы орталық ауруханасының мүшкіл жағдайы туралы хабарланған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары