$ 494.87  520.65  4.91

«Жастығымды ұрладың»: 61 жастағы бизнесменнің атын атаған бойжеткен ескі көңілдесінен үй талап етті (ВИДЕО)

28 жастағы бойжеткен бір кездері өзімен көңілдес болған 61 жастағы бизнесменнен үй талап етті. Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

Бойжеткен ер адаммен көңіл көтере бастағанда небәрі 23 жаста болыпты.

«Мен онымен 2 жарым жылдай бірге болдым. Ешқайда қыдырмадым. Күні-түні жанында болдым. Оның отбасы мені біліп қойғанда ара-қатынасымыз үзілді», - деп автор сөзін әрі қарай жалғады.

Бойжеткеннің айтуынша, бизнесмен өзінен 33 жас үлкен екен.

«Оның аты-жөні Артем Аркадьевич. Ол менің жастық шағымды ұрлады. Сол үшін маған Алматы не Астанадан үй алып беруі керек. Құдай үшін, өтініш, маған үй алып бер.

Мен қазір 28-демін. Қартайдым. Ешкім қарамайды маған. Көмекке зәрумін», - деп сөзін аяқтады атын құпия сақтаған ару.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары