Баянауыл ауданында Сабындыкөлде шомылған ер адам көз жұмды деп жазады pavlodarnews.kz.
Бұл туралы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сағат кешкі алтыда 1951 жылы туған ер адам шомылуға тыйым салынған орында суға түскен. Ер азаматтың денесін сағат онда жедел құтқару жасағынан екі құтқарушы бір техника және жүзу құралының көмегімен жағаға алып шықты», - деді департаментте.
Айта кетейік, ресми түрде Павлодар облысында 14 жағажай ашылған.
Ақбота Сейсебаева