Ақмола облысында "Көкшетау" станциясының басшысы ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
"Биыл 12 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша өкілдері Ақмола облысындағы "Көкшетау" станциясының бастығын әшкереледі. Ол қоластындағылардан теміржолдарды жөндеу жұмыстарын жасайтын ЖШС-тардың біріне қолдау көрсеткені үшін 600 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.
Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz