$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте пойыз жеткіншекті басып кетті

Жауаптылардың сөзіне қарағанда жазатайым жағдай үстіміздегі жылдың 17 -шілдеде орын алған. Куәгерлер жеткіншек Манкент станциясына келіп тоқтаған пойыздың астынан еңкейіп өткенде келесі жолақта жүйткіп келе жатқан пойыздың астына түсіп, оқиға орнында тіл тартпай кеткен деп жазады Оtyrar.kz.

 «10-сыныпқа баратын бозбала еді. Ауылға енді ғана көшіп келген. Әлі бұл жерді білмейді. Пойыздың астынан ары-бері ойнап жүреді балалар. Осы жерде сондайды көп байқаймын», – дейді тұрғын Құмра Азимова.

Апатты жағдайдан кейін Шымкент станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі өкілдері мен теміржол саласының қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Айтуларынша, тұрғындардың темір жол торабын белгіленбеген жерден кесіп өтуі тіркелген қайғылы оқиғалардың барлығына дерлік себеп болып отыр. Осыны түсіндірмек болған жауаптыларға тұрғындар уәждерін жаудырды. Жергілікті халық «жазатайым жағдайлар жиі орын алатын Манкент станциясын қоршау қажеттігін жылда айтамыз, нәтиже жоқ» дейді.

Статистиканы сараптап шыққан жауаптылар темір жол бойындағы жарақат алу жағдайларының жиілеуі тұрғындардың қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарауы себеп дейді. Қауіпті аймақта тіркелген оқиғалардың соңы көбіне ажал құшумен аяқталып, аман қалғандары ауыр соққыдан мүгедек болып қалады дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары