$ 494.87  520.65  4.91

Бурабайда тауда тұрып селфи жасамақ болған 24 жастағы жігіт құлап кетті

Бурабайда оқыс оқиға болды! 24 жастағы жігіт таудың ұшар басына шығып селфи жасамақ болғанда төменге құлдилап құлап кетті. Ол достарымен курортты аймаққа Астанадан қыдырып келген екен деп жазады КТК телеарнасы.

Халық аузында Синюха аталып кеткен Бурабайдағы таудың басына Нұрсұлтан есімді жігіт достарымен бірге шығыпты. Ол ең биік жерде тұрып суретке түспек болған. Сөйтіп,селфи жасаймын деп тұрып, тайып кеткен. Абылайхан алаңындағы биік шың басына олар ешқандай қауіпсіздік жабдығынсыз шыққан. Жедел жәрдем құтқарушылар көмегімен 24 жастағы жігітті тау етегінен тапты. Нұрсұлтан ес түзсіз Бурабай аудандық ауруханасындағы жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның бас сүйегі жарылып, миы шайқалған.Жағдайы ауыр, - дейді дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары