$ 441.58  480  4.86

Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінен босатылды

Еркін Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

«Қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» 28.06.2018 жылғы №707 жарлығына сәйкес Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҚР Қоғамдық даму министрлігі болып қайта аталды. Жаңа ведомствоға Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясаты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің миссиясы — сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды қалыптастыру, тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігінің тиімді жүйесін дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын тұжырымдау және тиімді іске асыру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары