$ 494.87  520.65  4.91

Түркістанда ер адам көңілдесін шыны бөтелкемен азаптап өлтірді

Түркістанда 18 қыркүйек күні ер адам көңілдесін шыны бөтелкемен азаптап өлтірді. Күдікті ретінде 41 жастағы тұрғын ұсталды деп жазады Оtyrar.kz.

Әйел адамның өлі денесі өз пәтерінен табылды. Оның өліміне күдікті ретінде 1977 жылғы азамат ұсталды. Ол кінәсін мойындап отыр.

Күдікті марқұм әйелмен бірге ішімдік ішкен. Кейін әлденеге жанжалдасып, әйелді бөтелке шынысымен ұрады. Шыны сынықтарымен әйелдің мойын, арқасын кесіп жібереді. Алған жарақатынан 40 жастағы әйел мерт болды.

«Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары