$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда көлік қаққан әйелдің оң аяғы жұлынып кетті

Алматыда кеше қараңғы түскен уақытта жантүршігерлік жол апатынан әйел адам ажал құшты деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Жол апаты Райымбек даңғылында Бауман көшесінен сәл әріректе болған. Куәгерлердің айтуынша, 35 жас шамасындағы әйел мас болған, ол жолдың ортасында тұрған. Осы кезде шығыс бағытта Mercedes көлігі келе жатқан екен.

Жүргізуші дер кезінде тоқтап үлгермей, әйелді бар жылдамдықпен келіп соққан. Соққының қатты болғаны соншалық, әйелдің оң аяғын жұлып кеткен.

Зардап шегуші жедел жәрдем көлігі келгенге дейін жан тапсырды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары