$ 443.37  474.49  4.83

Ақтөбеде 1 ай бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы тәрбиеші Алматыдан табылды

Ақтөбеде осыдан 1 ай бұрын жоғалып кеткен тәрбиеші жайлы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Екі баланың анасы аман-есен табылды деп жазады diapazon.kz

Неге екені белгісіз тәрбиші Айдана Мұханбетжанова Алматыда жүр екен. Оның дін аман табылғанынан басқа әзірге ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 28 тамыз күні Мұханбетжанова таңертең балабақшаға кеп, біраз уақытқа сұранып кеткен. Әріптестері оның сол күні көңіл күйі жақсы болғанын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары