$ 490.84  536.88  5.04

Қостанайда нан ішіндегі ағаш оқушының тамағына тұрып қалған

Қостанайда 14 жастағы жасөспірім нанның ішінен шыққан жаңқаны жұтып, жапа шекті. Қаршадай қыз кеңірдегіне қадалған қадамен үш күн бойы қиналған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ата-анасы оны бірден дәрігерге апарғанын айтады. Бірақ, ақ халаттылар 3 сантиметр шөңгені байқамаған. Керісінше, тұмауға қарсы дәрі-дәрмек ішуге кеңес берді дейді анасы. Алайда, оқушы қыздың денсаулығы күрт нашарлап жұтқыншағынан ас өтпей қалған. Тек арнайы апараттың көмегімен баланың көмейіндегі тікенек анық көрінді, - дейді Наталья Масальская. Дәрігерлер ота жасап, ағаш қалдығын алып шыққан.

«Жұмыста отырғанымда қызым маған ватсап арқылы хат жазып, нан жегенін және оның тамағына тұрып қалғанын жеткізді.Екеуміз ақылдасып, не істеу керектігін кеңестік. Бірақ, кеңірдегіне бірдеңе қадалып қалды дегенді ойлаған да жоқпыз. Ертеңінде баланы ауруханаға апардық», - дейді Наталья МАСАЛЬСКАЯ.

Жасөспірімнің анасы нанды сатып алған сауда орталығына жүгініп, бөлкенің қайдан келгенін анықтағанын айтады. Жергілікті наубайхана қожайыны кешірім сұрамақ түгілі, кінәсін мойындамағанын айтады. Наталья Масальская азаматтық сотқа талап арыз түсіріпті. Өнімнің сапасын тексеру үшін қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасына да шағымданған. Іс сотқа жетті. Ал тексеріс нәтижесіне сәйкес жеке кәсіпкердің өндірістік қауіпсіздік ережелерін ескермегені анықталып, айыппұл салынды, - дейді қалалық бөлім мамандары.

«Жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қауіп төндіретін келеңсіздіктерді, олқылықтарды тез арада жою туралы нұсқама бердік. Біз жүктеген міндеттеменің орныдалғанын немесе орындалмағынын тағы тексереміз», - Қостанай қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Светлана ЖУКОВА.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары