$ 498.34  519.72  4.85

Агенттік: «Мектепте ақша жинауды ата-аналар комитеті ұйымдастырады»

Мектептерде ақша жинау шараларын негізінен ата-аналар комитеті ұйымдастырады. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Жазира Жылқышиева мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізу қажеттігін атап өтті. Президент мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын қысқарту жөнінде одан әрі шаралар қабылдауды, бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін арттыру мәселесі бойынша жұмыстар атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату туралы тапсырма берді. Астанада ақпан айынан бастап Агенттіктің әкімдікпен бірлескен «Астана - адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба - тұрмыстық жемқорлықты жоюға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған», - деп тоқталды Жылқышиева. Мемлекет басшысы атап өткендей, білім беру жүйесінде жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмыстар атқарылды.

«Соңғы 4 айда Білім басқармасының және оның бағынысты ұйымдарының қызметіне талдау жүргізілді. Оған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің, «жасырын» мемлекеттік қызметтердің, нормативтік құқықтық актілердегі және әкімшілік кедергілердегі қайшылықтардың болуы себеп болды. Жоба қоғамдық ұйымдармен бірлесіп оқушылардың ата-аналары арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесі білім беру мекемелерінде мектептің немесе сыныптың қосымша қажеттіліктері үшін жиі ақша жиналатындығын көрсетті. Негізінен қаражат жинау «ата-аналар комитеті» арқылы жүзеге асырылады», - дейді департамент басшысы.

Осы орайда, жоба кеңсесі ҚР Білім және ғылым министрлігіне ата-аналар комитетіне тыйым салу жөнінде ұсыныс енгізілген.

«Ата-аналар комитетінің қызметі регламенттелмеген және тұрмыстық жемқорлықтың туындауына себеп болады. Білім беру мекемелерінің азаматтармен өзара әрекеттесуінің кез-келген тәртібі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.Қабылдау, ауысу, гранттар бөлу, жатақханадағы орындарды анықтау және басқа да барлық осындай процестер тиісті нормативтік құқықтық актілерде анық көрсетілген», - деді Жазира Жылқышиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары