$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында қылмыстық топ кафеге басып кірді

8 қарашада қаруланған белгісіз біреулер Шамалған стансасындағы кафеге басып кіреді. Күдіктілер дәмхана қожайынын байлап, ұрып-соққан. Олар екі ойын автоматын, ұялы телефон және қомақты қаржыны өздерімен алып кеткен деп хабарлайды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қарасай ауданының полицейлері бірнеше сағат ішінде күдікті 4 ер адамды ұстады.

«Жедел іздестіру барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен көрші ауылдың тұрғындары (1971-1986 жылғы ) ұсталды. Кафеден ұрлап кеткен заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталғандар қазір аудандық полиция бөлімінің уақытша қамау изоляторына қамалды», – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.

Дереккөз: Newtimes.kz.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары