$ 498.34  519.72  4.85

Астанада қарт мұғалім оқушыларға қырындаған

Астанада АҚШ-тан келген 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған. Сұмдық оқиға бас қаладағы халықаралық жекеменшік мектептердің бірінде болды деп хабарлайды КТК арнасы. 

Қазір бұл жайтты білім және ғылым министрлігі тексеріп жатыр. 

«Ол мұғалімде сотталмағаны туралы анықтама болған. Жұмысқа орналасар алдында қажет құжатты түгел өткізген. Ал келеңсіз оқиғаның қалай болғанын анықтап жатырмыз. Негізі, жеке мектептер де еліміздің еңбек туралы заңына бағынады. Кез-келген ұстаз сотталмағанын дәлдеуі тиіс. Бұл шетелдіктерге де қатысты», – деді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева. 

Астанада шу шыққан халықаралық мектепте елімізде тұрып жатқан шетелдіктердің балалары мен жерлестеріміз білім алады. Шетелдік қарт  ұстаз дәл осы мектепте сабақ берген. Қазір ол Қазақстаннан кетіп қалыпты. Келеңсіз оқиға шәкірттер Алматыға спорттық шараға барғанда болған. Мұғалім жасөспірімдердің біріне қол жүгірткен көрінеді.

Бірақ, ешкім арызданбағандықтан полицейлер іс қозғамапты. Сөйтсе, атышулы ұстаздан АҚШ-та да жәбір көргендер көп екен. Ол сексуалдық қарым-қатынасқа итермелеген студенттер, тіпті, арнайы сайт ашып, ұстаздары туралы ақпарат салып отырған. Ондағы мәліметке сенсек, ұстаздың бұрынғы аты-жөні — Стивен Мейерс болған екен. Кейін Стивене Сворупе Джексон деп ауыстырған. Мұндай адамның еліміздегі элиталық мектепке қалай тап болғаны түсініксіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары