$ 494.87  520.65  4.91

Kaspi bank туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері Kaspi bank туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен 35 жастағы елорда тұрғынын ұстады деп жазады ҚазАқпарат.

Ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасады деген айып тағылып отыр.

«Астананың 35 жастағы тұрғыны үстіміздегі ай басында әлеуметтік желілер арқылы Kaspi Bank-тің қызметі мен оның басшылығына қатысты жалған ақпарат таратты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық қажетті шұғыл және тергеу шаралар кешенін жүргізуде», – деп мәлім етті Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сондай-ақ аталмыш қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғалар анықталуда.

Еске салайық, қараша айының басында WhatsApp арқылы Kaspi Bank-тің банкротқа ұшырағандығы туралы ақпарат тарай бастады. Кейін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев оның шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді.  

 «Ел тұрғындарын арандатушыққа ермеуге шақырамын. Бұл таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін ел заңнамасында қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін. Жалған ақпарат таратуға қатысы барлардың барлығы анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады», – деді Алмас Садубаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары