$ 443.44  480.51  4.88

ШҚО-да қария өрттен көз жұмды

Зырян ауданының Зубов кентінде тұратын қария өрттен көз жұмды деп жазады ҚазАқпарат.

Тілсіз жау түн ортасында тұтанған. Қызыл жалынды көршілері байқап, төтенше жағдай өкілдерін шақырған.

«Өрт сөндірушілер қызыл жалын шарпыған үйге енгенде 1931 жылы туған қарияның денесін тауып алды. Жалынмен арпалыс 2,5 сағатқа созылды», – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өрттің шығуына отпен абайсыздық себеп болған деген болжам бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары