$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда әйел пештегі газдан уланып өлді

Қостанайда газ пешінен әйел адам уланып қайтыс болды деп жазады alau.kz.

Оқиға 18 қараша күні түнде Баймағамбетов көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болған.

«Пештің түтін шығатын қақпағы жабық қалып, 51 жастағы әйел уланып қайтыс болды», - деп хабарлайды ТЖД.

Төтеншеліктер, тұрғындардың көбіне көмірді үнемдеу мақсатында түтін шығатын қақпақты жауып қоятынын айтады. Ал, көмірі біткен кезде, газ үй ішіне таралып, соның кесірінен олар ұйықтап жатып уланып, қайтыс боп кетеді екен. Сол үшін төтеншеліктер тұрғындарды қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары